BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Қазақстанның жаңа салаларға көп қаржы жұмсауы дұрыс шешім – Боб Дорф

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Стартап академиясының менторы және кеңесші, The Startup Owner's Manual бестселлерінің авторы Боб Дорф қазақстандық стартап жобаларға баға берді.

«Осыған дейін көптеген елде болдым. Ал Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын. Сіздердің нәтижелеріңізді көріп қуандым. Кеше 60-тан астам стартаппен таныстым. Қазақстанның осы бағытта қарқынды жұмыс істеп жатқаны мені шабыттандырады. Қазақстанда инженерлік бағыттың жақсы дамуының арқасында қазақстандық стартапшылар анағұрлым қарапайым және тиімді әдістерді қолданады», - деді Боб Дорф Астанада өтіп жатқан «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумында.

Спикер Қазақстанға келу мақсаты мен форумнан не күтетінін айтты.

«Қазақстанның жаңа салаларды дамыту мақсатында өте көп энергия мен қаржы жұмсап жатқанын өте дұрыс деп санаймын. Осының нәтижесінде бұл ел үшін әрі пайдалы болмақ, әрі жаһандық деңгейге шығуға мүмкіндік береді. Мен негізінде тренермін, адамдарды оқытамын. Қазақстанға келудегі менің басты мақсатым әрі қарай серіктестік үшін байланыс орнату болып отыр», - деді ол кулуарда.

Боб Дорф клиенттерді дамыту бойынша әлемдегі екінші сарапшы. Ол бұл тұрғыдан ұстазы Стив Бланкке ғана жол береді. Олар екі жыл бірге жұмыс істеп, «Жаңадан бастаушыларға нұсқаулық» атты жаһандық бестселлер шығарды. Боб Дорф соңғы жылдары 20-дан астам стартаптарға кеңес беріп, оқытты және инвестициялады.

Айта кетсек, бүгін Астанада «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумы басталды. Бұл ауқымды шараға халықаралық ІТ-қоғамдастық өкілдері, технология саласындағы белгілі сарапшылар, кәсіпорын басшылары, технологиялық кәсіпкерлер мен өзге де елдердің мемлекеттік секторлары өкілдері, ғалымдар, кәсіпқой цифрлық әзірлеушілер, сонымен бірге венчурлық капиталистер мен инвесторлар қатысып отыр.

Бүгін Digital Bridge алаңында 50-ден аса қазақстандық және халықаралық спикерлер сөз сөйледі, олардың ішінде Стартап академиясының менторы және кеңесші, стартап тақырыбындағы бестселлер авторы Боб Дорфтан өзге Startup Genome бас директоры Жан-Франсуа Готье, Hyperloop Transportation атқарушы директоры Дирк Алборн; Галактика жеке меншік ғарыш компаниясының негізін қалаушы және иесі Алия Прокофьева; Priceline Group қоса негізін қалаушы Джефф Хоффман; венчурлық капиталдың халықаралық фирмасы Global Catalyst Partners төрағасы және тең мердігері Камран Элахиан бар.

Форум аясында «Цифрлық экономика дамуының жаһандық тренді жөнінде диалогы» атты пленарлық сессиясы өтеді. Сонымен біге цифрландыру саласындағы ең алғашқы Digital Bridge Awards жүлдесі табысталады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер