Қазақстандықтар Telegram-бот арқылы ХҚКО-да кезекке тұра алады - Цифрлық Қазақстан|07 Тамыз 2018, 15:11
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

Қазақстандықтар Telegram-бот арқылы ХҚКО-да кезекке тұра алады

«Азаматтарға арналған үкіметтің» Telegram-ботында жаңа мемлекеттік қызметтер қолжетімді бола бастады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма басшысы Әсет Тұрысов Facebook-тағы парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«ҚР Әділет министрлігімен бірлесе Telegram-ботымызға з жаңа мемлекеттік қызмет қосылды. Енді @EgovKzBot арқылы қолданушылар: ХҚКО-да кезекті брондап қоюға; «Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы» анықтама алуға; сондай-ақ «Заңды тұлғаның өкілдігі мен филалы бары жөнінде» анықтама алуға болады», - деп жазды Тұрысов.

Оның айтуынша бүгінгі таңда Telegram-бот предоставляет 13 мемлекеттік қызметті көрсетеді.

Бот арқылы қолданушылар мекенжайы, сотталмағаны, жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкі жоқтығы, заңды тұлғаға жеке тұлғаның қатысы туралы, «Заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігі бар-жоғы туралы», «ТЗаңды тұлғаның, филиал немесе өкілдіктің тіркелгені туралы» анықтамаларды ала алады.

ҰАТ басшысы қолданушылар бот арқылы әлеуметтік мәртебесін тексеріп, базалық зейнетақсының сомасы туралы ақпаратты біле алатынын, сондай-ақ, медициналық ұйымға тіркеліп, үйіне дәрігер шақыра алатынын немесе дәрігерге жазылып, ХҚКО-ға кезекке тұру мүмкін болатынын айтты.

«Биыл 21 мамырдан бастап біздің @EgovKzBot-қа 11 мың адам жазылып, 11 151 қызмет көрсетілді. @EgovKzBot арқылы көрсетілетін қызмет саны артатын болады. Барлық танымал қызметтер осы платформаға ауысатын болады. Egov.kz порталының белсенді қолданушыларын Телеграм-ботқа қосылуға шақырамын, өйткені бұл өте ыңғайлы және жылдам жұмыс істейді», - деді ол.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер