BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қазақстандық пошта қызметі сервистік үлгіге ауысты

Фото: Интернеттен алынды

«Қазпошта» АҚ сервистік үлгіге ауысып, техникалық жабдықтау және ірі инвестицияларсыз жаңа технологияларды енгізу жобаларын іске асырды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазпошта» АҚ Төрағасы Сәкен Сәрсенов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Байланыс бөлімшелерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында франчайзингмоделі бойынша қосымша байланыс бөлімшелері ашылуда. Қазіргі уақытта 7 бөлімше пилоттық режимде жұмысын бастады. Бұл жоба тұрғындар үшін көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін артырады деп көзделіп отыр.

«Бұл модель бүкіл әлемде қолданылады. Аутсорсинг ақша үнемдеуге мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар компанияның басты міндеттеріне көңіл аударуға мүмкіндік береді. Байланыс орталығын аутсорсингке берген соң, қоңырау шалу деңгейі 68-ден 97% дейін өсті. Сондай-ақ, байланыс орталығына арналған жабдықтарды сатып алуға кететін шығындар жойылды. Орта есеппен бұл қызметтік шығындар жылына 21,6% төмендейді деп жоспарлап отырмыз», - деді компания төрағасы.

Қаржы және агенттік қызметтер сегментінде пошта операторы барлық қаржы институттарының «витринасына» айналып, банктерге өзінің бөлімшелері арқылы клиенттерге қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді. post.kz платформасының негізінде қызметтер гипермаркетін құрып, цифрлық ID, интернет-эквайрингті іске қосу және «үлкен» деректер негізіндегі сараптама нәтижелерін қолдану компанияға цифрлық трансформацияны өткізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, оның айтуынша еліміздің әуежайларында 300 жаңа банкомат пен 120 терминал орнатылған, олардың 11-інде сот қарызын өтеу функциясы бар.

«Бүгінгі күні біздің басты міндетіміз - елдегі үздік сервистік компания болу. Дүниежүзілік пошта одағының нұсқасына сәйкес 20 жетекші пошта компанияларының тізіміне кіруді мақсат етіп қойдық. Алдағы 5 жылдағы компанияның кірісі 70%-дан астам өсіп, еңбек өнімділігі 2 есеге артып, жылына 5,7 млн теңгеге жетеді деп жоспарлап отырмыз», - деп қорытындылады Сәкен Сәрсенов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер