BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 431.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Қазақстанда мобильді қосымшалар арқылы қызмет көрсететін 50 мың жүргізуші заңдастырылады 

Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу буралы» заң жобасының таныстырылымы өтті. Осы орайда Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев "Яндекс.Такси", Uber, InDriver секілді жолаушылар тасымалдайтын мобильді қосымшаларға тоқталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жолаушылар тасымалы саласында клиенттер тапсырысын қабылдайтын интернет-ресурстар танымал болып отыр. Осыған сәйкес мұндай онлайн-сервистер жеткілікті дейгейде реттелмей отыр», - деді Тоқтабаев.

Оның айтуынша, жолаушылар мүддесін қорғау және мобильді қосымшаны пайдаланатын 50 мың жасырын тасымалдаушыны «көлеңкеден» шығару мақсатында автомобиль көлігі туралы заңға «таксимен тасымалдау» ұғымын ескеру қарастырылып отыр.

«Осылайша көлікті жалдау шарты құрып, Яндекс.Такси", Uber, InDriver сияқты сервистер арқылы жолаушыларды тасымалдау енді таксимен тасымалдауға жатады», - деді Тоқтабаев.

Осы орайда Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асавбаев та неліктен мұндай өзгерістер қажет болып отырғанын түсіндірді.

«Бүгінде мұндай сервистерді халық кеңінен қолданатыны баршаға мәлім. Біз мобильді қосымшаларды пайдаланатын жүргізушілерді тексеру кезінде олардың көлік заңнамасы талаптарына сай келмейтінін анықтадық. Біз сол компаниялармен осы талаптарға жауап беретін жүргізушілермен, көлік құралдарымен келісімге отырып, қызмет көрсетуі жөнінде келіссөздер жүргіздік. Бұл заңнамада мобильді такси қызмет көрсету туралы жазған себебіміз интернеттің көмегімен ешбір тіркеусіз, ешбір тексерусіз заңсыз таксилер қызмет көрсетіп жатыр. Шетелде қабылданған, қазіргі кезде ыңғайлы қосымшаларға қарсы емеспіз. Барлығы қолдансын. Бізге интернет арқылы қызмет көрсетушілер тек қана заңды түрде қызмет көрсетуге тиісті хабарламаны әкімшілікке жіберген, медициналық, техникалық тексеруден өтетін жүргізушілермен келісімшартқа отырса, қосымшаға кірген кезде таңдаған жүргізуші заңды жүргізуші болса болды», - деді ол


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер