BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Қазақстан Ұлттық Банкінің «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасының веб-нұсқасы іске қосты

Фото: mogilev.online

Қазақстан Ұлттық Банкінің танымал «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасының веб-нұсқасының іске қосылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2016 жылғы 14 қарашада іске қосылған сәтінен бастап бұл мобильдік ақпараттық ресурс өзінің талап етілгендігін көрсетті. Екі жыл ішінде 15 000-нан астам адам қосымшаны өз телефондарына орнатты. Осы тікелей коммуникациялар арнасы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкіне 11,5 мыңнан астам сұрақтар мен өтініштер жіберілді. Ұлттық Банк мамандары пайдаланушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

«ҚҰБ Online» пайдаланушылары қосымшаға қазақстандықтарды қызықтыратын бағыт берді. Екі жылда пайдаланушылардың және Қазақстан Ұлттық Банкі мамандарының орнықты «кері байланысының» арқасында «ҚҰБ Online» қосымшасына 9 жаңа бөлім қосылды. Қазіргі кезде қосымшада 16 тақырыптық бөлім бар, олар веб-нұсқасында да қолжетімді.

Енді пайдаланушылар өздерінің сұрақтары мен өтініштерін Қазақстан Ұлттық Банкіне «ҚҰБ Online»-ның http://nbkonline.nationalbank.kz/ru веб-порталы арқылы жібере алады.

Өздерінің сұрақтарын қою үшін жаңа пайдаланушылар телефон нөмірін пайдаланып тіркелуге тиіс. «ҚҰБ Online» мобильдік нұсқасында аккаунты бар пайдаланушылар аккаунтта көрсетілген телефон нөмірі арқылы кіре алады. «ҚҰБ Online» веб-порталы өзінің мобильдік нұсқасы сияқты мемлекеттік тілде және орыс тілінде қолжетімді.

Қолайлы интерфейс қажетті бөлімді іздеген кезде сайтта оңай бағдарлануға мүмкіндік береді. Өз сұратуларыңды «Менің өтініштерім» деген жеке парақта тексеруге болады. Веб-порталда жаңалықтар таспасы, биржада сауда-саттыққа салынатын үш негізгі валютаның нарықтық бағамдарының кестесі, әлемнің 39 валютасының ағымдағы ресми бағамдарының кестесі орналастырылған. Таяуда барынша көп қойылатын сұрақтар іріктеліп ұсынылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі қазақстандықтардың қаржылық ақпаратқа қолжетімділігін жеңілдету, барлық сұрақтарға барынша жедел жауап беру үшін барлық күш-жігерін салуда. Бұл ретте Ұлттық Банктің танымал «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасының жаңа веб-нұсқасы тікелей әңгімелесу мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер