BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Қарағанды облысында тегін цифрлік сауаттылық курстары жұмыс істейді

Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында «Digital Kazakhstan – Цифрлік Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде цифрлік сауаттылық курстары өткізілуде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тегін түрде оқудан әлеуметтік статусы және жас мөлшеріне қарамастан, кез-келген ниет білдіруші өте алады.

«Оқудан өту үшін ешқандай шектеулер қойылмайды. Тек сіздердің білім алуға деген ниеттеріңіз болса болғаны. Бұл курстар сіздерге анағұрлым бәсекеге қабілетті болуыңызға септігін тигізеді», - дейді ұйымдастырушылар.

Қарағандыда курстар 41 білім ұйымдарының негізінде қызмет етеді. Оқу төрт модульдер бойынша өтеді. Ол негізгі цифрлік машықтар, «электрондық үкімет» және электрондық мемлекеттік қызметтер, ашық үкімет және электрондық сауда. Курстар аптасына 3 рет 16 сағаттық бағдарлама бойынша өтеді. Оқу соңында сертификаттар беріледі.

Толығырақ ақпаратты кеелсі нөмірлер бойынша Call-орталыққа хабарласып білуге болады: 8(7212)343492 немесе 8-701-2445355 (Қарағанды қаласының білім бөлімі).

Абай ауданында курс ұйымдастырушыларының айтуынша, цифрлік сауаттылықты 7-ден 70 жасқа дейінгі аралықта 3000-нан астам адам жоғарылатып үлгерген. Оқыту жалғасуда. Курстар ауданның 15 елді мекенінде 24 білім мекемесінің негізінде жүргізіледі.

Шахтинскіде тегін цифрлік сауаттылық курстары 2-ші тамызда ашылды. Оған қаланың 10 білім мекемесі жұмылдырылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер