ХҚКО-ға бармай электронды цифрлық қолтаңбаны онлайн режимде алу мүмкін болмақ - Цифрлық Қазақстан|16 Мамыр 2018, 14:01
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

ХҚКО-ға бармай электронды цифрлық қолтаңбаны онлайн режимде алу мүмкін болмақ

Фото: Нұржас Жақсыбай

Электронды цифрлық қолтаңбаны қолдану мерзімін бір жылдан үш жылға дейін ұзарту қарастырылып жатыр. Бұл туралы «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингінің басқарма басшысы Руслан Еңсебаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

ҚР ақпарат және комуникациялар министрі Дәурен Абаевтың халыққа есеп беру кездесуінде Батыс Қазақстан облысындағы қоғамдық бірлестік өкілі Алтынай Искалиева электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦП) ХҚКО-ға бармай-ақ интернет арқылы алу мүмкіндігін жасауға бола ма деп сұрады.

«Біз қазір халықаралық тәжірибелерді зерттеп жатырмыз. ЭЦҚ мерзімін бір жылдан үш жылға дейін ұзарту мүмкіндігін қарастырып, осыған сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр. ЭЦҚ-ны алу үшін ең бірінші ХҚКО-ға бару керек, ал бір жылдың ішінде онлайн-өтінім беру арқылы интернет арқылы оның мерзімін ұзарта алады», - деп жауап берді «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингінің басқарма басшысы.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың сәуірінен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне бармай-ақ онлайн режимде ЭЦҚ-ны қайта жасату немесе мерзімін ұзарту қызметі іске қосылған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер