BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Эстония цифрландыруға басымдық берген Қазақстаннан үлгі алатынын айтты

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің ресми ашылу рәсімінде Эстония премьер-министрі Юри Ратас инновацияларды дамыту мақсатында Қазақстанмен серіктестік орнатуға дайын екенін айтты.

«Astana Hub-тың ашылу рәсіміне қатысып отырғаным мен үшін құрмет. Қазақстан тікелей шетелдік инвестициялардың жаңа түрлерін тарту арқылы экономикалық моделін жаңғырту мен әртараптандыруда нақты қадамдар жасады. «Қазақстан-2050» стратегиясы цифрландыруды инвестициялауға басымдық беріп отыр. Біз, Эстония да осыған ұмтылып жатырмыз», - деді Юри Ратас.

Ол бүгін іске қосылған Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркіне өз бағасын берді.

«Astana Hub» осы істі дамытуға өз үлесін қосады деп үміттенемін. «Мектори» үлгісіндегі Эстонияның тәжірибесі Қазақстанмен инновация мен кәсіпкерлік серіктестік үшін жақсы негіз болады деп сенеміз. Жақсы идеялар мен бизнес жоспарлар осындай қолдауды қажет етеді», - деді Юри Ратас.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің ресми түрде ашылды. Аталған технопарк – америкалық Кремний алқабының қазақстандық прототипі. Технопарк аумағында лекция залдары, стартаптарға арналған алаңдар, лабораториялар, конференц-залдар, аудиториялар, digital-компаниялар мен халықаралық серіктестердің кеңселері орналасқан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер