BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Ертіс өңірінде білім беру жүйесі толық автоматтандырылды

Фото: Автор

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Облыстың білім беру ұйымдарында «Цифрлық Қазақстан» жобасын жүзеге асыру шеңберінде білім беру үрдістерін цифрлық форматқа көшіру бойынша 10-ға жуық пилоттық жоба жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда өңірдегі 362 мектепте айти-сынып, робототехника сыныптары, мұғалімдерге арналған заманауи кеңселер ашылып жатыр. Балаларға компьютерде бағдарлау дағдыларын үйрету мақсатында 20 мектепте айти-сыныбы ашылған. Мәселен, Павлодар қаласындағы №16 мектепте осы тектес класс ашуға мемлекет бюджетінен 6 млн. теңге бөлінген.

«Басты мақсат – балаларға компьютердің ойыншық емес, білім алу құралы екенін түсіндіру. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттырып, техникалық пәндерге бейімделу деңгейін анықтағымыз келеді. Бағдарламалау даңғыларын меңгерген оқушылар мамандық таңдауда жаңылмайды», - дейді мектеп директорының орынбасары Людмила Чикунова.

Облыстық білім беру басқармасының хабарлауынша, мектептерде цифрлық инновациялық мазмұнға көшу бағытында тиісті жобалар қолға алынған.

«Білімлэнд» цифрлық білім беру платформасына 362 мектеп қосылды. Ұйымдардың 310-ы – онлайн режимде, ал 52 – офлайн режимде жұмыс істейді. Мектептердің барлығы «Күнделік» бірыңғай ақпараттық жүйесіне қосылды. Бұл жүйе электронды құжат айналымын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде педагогтар уақыттарын 30%-ға қысқартты. Павлодар облысы аталмыш жүйені қолдану белсенділігі бойынша бірінші орында. Қазіргі уақытта платформаға 192 мың қолданушы тіркелген. Олардың 13 мыңнан астамы мқғалімдер, 103 мыңнан астамы – ата-аналар, ал 75 мыңнан астамы – ата-аналар», - дейді ведомствоның бас маманы Жанна Ахметқызы.

Айта кетейік, орта білім беру нысандарының барлығы кеңжолақты интернетпен қамтылған. Ал Wi-FI желісіне мектептердің 93,4%-ы қол жеткізген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 100%-ға жетеді.

Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мақсатында «Мектеп Павлодар» жобасы іске қосылды. Бағдарламаның көмегімен ата-аналар балаларын бірінші сыныпқа қабылдау, балабақшаға тіркей немесе бір мектептен екінші емктепке ауыстыруды онлайн режимде тындыра алады. Қазіргі уақытта жүйеге 122 орта білім беру ұйымы тіркелді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер