BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Enbek.kz сайтында жұмыс берушілердің саны артты

Фото: joomlasecret.ru

Жыл басынан бері Enbek.kz порталында бос орындарды ұсынатын жұмыс берушілердің қатары 3 есе артты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде олардың жалпы саны 3 мыңнан асады. Бұл туралы жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі хабарлады. Осы ретте жұмыс іздеп сабылып жүргендер саны біршама қысқарған.

Мәселен, портал қызметі арқылы 5 мың адам екі қолға бір күрек тапты. Электронды қызмет жұмыс берушіге де, іздеушіге де тегін.

«Желіде жарияланған бос орындарды орталық мамандары саралап, сұранымға лайықты адамдарды іріктейді. Барлығы ақысыз негізде, тегін жүргізіледі. Жұмыс беруші де, іздеуші де қажетті ақпаратты жеке кабинетіне кіріп, онлайн бақылай алады», - дейді Жұмыспен қамту орталығының Астанадағы бөлімшесінің басшысы Қаламқас Құлшиманова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер