BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Электронды еңбек шарттары осы жылы пайдаланылады

Қазақстандықтар үшін электронды еңбек шарттарын енгізу пилоттық режимде 2018 жылдың екінші жартысында жүзеге асырылады. Бұл жөнінде бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат тілшісі.

«Біз жүзеге асырып жатқан жобалардың бірі – электронды еңбек шарттары. Бұған қоғам үлкен қызығушылық танытып отыр және сәйкесінше, біз де осы істі жүзеге асыруға қызығушылық танытатын IT компанияларға өз ұсыныстарын жолдап, IT шешімдер табуға шақырамыз. Бұл электронды шарт бірыңғай сақтау жүйесінде сақталатын болады. Осылайша, бізге қарасты ұйымдардың қатысуымен пилоттық режимде 2018 жылдың екінші жартысында жобаны іске асырамыз. Бұл Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы, Еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу институты. Бұл шамамен 300-ге жуық электронды шарт болмақ. Қазір, «Қазақстан Темір жолы» АҚ да пилоттық жобаға қатысуға ниет танытып отыр», - деді вице-министр.

Сонымен қатар, мәлім болғандай, пилоттық жоба іске асқан соң, Еңбек кодексіне де сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізілетін болады.

«Әлеуметтік сақтандыру қоры электронды еңбек биржасында жеке кабинет ашады да, жұмыс беруші өзінің барлық жұмысшысымен электронды еңбек шартын жасасады. Яғни, жұмыс беруші бүгінде кадр бөлімінде сейфте сақтаулы тұрған барлық еңбек кітапшасын цифрландырады. Айта кету керек, электронды еңбек шарттарына қолжетімділік тек жұмыс беруші мен жұмысшының өзінде ғана болады. Біздің (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – автор), еңбек биржасының кез-келген қолданушысы, қызметкері электронды еңбек шартына ашып көре алмайды. Себебі, бұл жеке мәлімет болғандықтан, ақпараттық қауіпсіздік сақталады», - деп түсіндірді Жақыпова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер