BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 342.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 400.85 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.51
Астана:

eGov.kz порталының Telegram-ботындағы қызметтердің саны өсті

@EgovKzBot Telegram-ботында электрондық үкімет порталының қосымша 3 қызметтің іске қосылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ға сілтеме жасап.

Енді бот көмегімен азаматтар келесі қызметтерді ала алады:

  • Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманы алу;
  • Әлеуметтік мәртебені тексеру;
  • Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпаратты алу.

Азамат «Мобильдік азаматтар базасында» тіркеліп, яғни өз телефон нөмірін eGov.kz порталының Жеке кабинетінде бекітіп, Telegram мессенджердегі ботқа жазылуы қажет. Қызметтерді алу үшін @EgovKzBot чатында алдын-ала белгіленген бұйрықтарды орындай отырып, сұранысты SMS-код арқылы растау керек. Сондай-ақ, сұрау салудың нәтижесін азаматтың электронды поштасына жіберу мүмкіндігі де бар.

Естеріңізге салсақ, 21-ші мамырда «ҰАТ» АҚ Басқарма Төрағасы Әсет Тұрысов 4 ең танымал қызметтерді (мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтама, сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама, жеке тұлғаның заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама) жеңілдетілген түрде алуға мүмкіндік беретін Telegram-боттың іске қосылуын хабарлаған.

Қазіргі таңда Telegram-ботқа 7016 азамат жазылды, олар 6107 анықтамаға сұраныс жасады.

@EgovKzBot көмегімен қызметтерді алу кезінде туындаған сұрақтарды тәулік бойы тегін кеңес беретін 1414 Бірыңғай байланыс орталығына жолдауға болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер