BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Digital Bridge форумы әлемдік компаниялардың байланыстырады – Сағынтаев

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Астанада өтіп жатқан «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумына қатысты.

«Цифрлық экономика дамуының жаһандық тренді жөнінде диалогы» атты пленарлық сессиясының модераторы, Startup Genome бас директоры Жан-Франсуа Готье ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа форумның неліктен «Цифрлық көпір» деп аталғанын сұрады.

Ол ең алдымен форумға қатысу үшін Қазақстанға арнайы келген Эстония премьер-министрі Юри Ратасқа алғыс айтты.

«Біз Астана алаңында Еуропа мен Азия арасында виртуалды көпір құрдық. Бүгін Астанаға әртүрлі елдерден делегация өкілдері келіп отыр. Эстония премьер-министрінің қатысуы, мұның барлығынан міндеттеріміздің, алға қойған мақсаттарымыздың біртіндеп жүзеге асып отырғанын көріп отырмыз. Осында келгенге дейін Ақпарат және коммуникациялар министрлігі бізге еліміздегі стартап, IT компаниялардың жұмысы туралы мәлімет берді. Олар бір-бірімен өзара байланыс орнатты. Біз осы арқылы Еуропа мен Азияны байланыстыратын боламыз», - деді Үкімет басшысы «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумында.

Ол Қазақстанның 1,5 млрд тұрғыны бар Қытай мен Еуропа аралығында орналасуы, Еуразиялық кеңістікте достарының болуы алда орасан зор жұмыстар жүргізуді талап ететінін атап өтті.

«Әлем өте тез өзгеріп жатыр, осы байланыстарды орнату үшін бір-бірімізге жиі барудың қажеті жоқ. Интернет арқылы да байланыс орната аламыз, әсерімізбен бөлісеміз. Бүгінгі форум болашақта да жалғасын табады деген ойдамын. Форумға көптеген компания қатысып отыр және Астана алаңында үлкен байланыстар орнайды деген сенімдемін», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Модератор Жан-Франсуа Готье Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтан «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы туралы сұрады.

«Бүгінде бір жыл бұрын қабылданған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы өзекті болып отыр. Оны жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағдарлама қабылданғанға дейін 10 жыл бұрын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрлық форматқа көшіру жұмысын бастаған болатынбыз. Уақыт өте келе біз қазір мемлекеттік қызметтерді ғана емес, басқа да саладағы қызметтердің электронды форматқа өтуі үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі кезде денсаулық сақтау саласында қағазбастылықты жойып, толықтай цифрлық форматқа өткізіп жатырмыз. Оқушының мектеп үлгерімін онлайн көруге болатын «Күнделік» бағдарламасы бар. Жыл басынан бері мемлекеттік қызметтің 13 млн жуығы цифрлық форматта көрсетілген болаты», - деді Сағынтаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер