BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Дәурен Абаев ITU Telecom-2018 World форумына қатысты

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 10-13 қыркүйек аралығында өтетін Халықаралық электр байланысы одағаның Дүниежүзілік форумына қатысуда, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық форум Оңтүстік Африка республикасының Дурбан қаласында өтіп жатыр. Оның аясында өткен дөңгелек үстелде интеллектуалды цифрлық технологияларды дамыту үшін үкіметтің мүмкіндік жасауы, жаңа цифрлық әлемнің қауіптерін жою және цифрлық технологиялардың дамуына қаржы құю мәселелері талқыланды.

Дәурен Абаев баяндамасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ – ред.) дамуының және олардың ғаламдық экономиканың дамуы мен өмір сапасының артуына үлесінің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар министр бізге АКТ саласында жаңа сапалы даму кезеңіне шығуға мүмкіндік беретін «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жетістіктері мен тегеуріндері туралы айтты.

Ол Қазақстанның Халықаралық электр байланыс одағымен бірлесіп, бесінші ұрпақ байланысын ендіруге, кең жолақты интернетті қосу үшін геостационарлық емес спутниктерді кеңінен пайдалануға дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ министр форум аясында Халықаралық электр байланыс одағының бас хатшысы Хоулин Чжаомен, Одақтың электр байланысын дамыту жөніндегі директоры Брахим Санумен, Сауд Арабиясының Коммуникациялық және ақпараттық технологиялар комиссиясының төрағасы Абдулазиз Бин Сал Ал Руаиспен және Әзербайжанның Көлік, байланыс және жоғары технологиялар министрінің орынбасары Эльмир Тофиг оглу Велизадемен кездесті.

Айта кетсек, ITU Telecom-2018 World – жаһандық АКТ инфрақұрылымының жоғары деңгейін құруды талқылау үшін үкімет және байланыс индустриясының өкілдерін біріктіретін жетекші халықаралық алаң.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер