BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 336.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 390.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.36
Астана:

Бұдан былай барлық мемлекеттік қызметтер электронды форматқа көшіріледі

Фото: cherlock.ru

Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ШОБ цифрландыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын орындау барысы туралы ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндады.

Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында «бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыруды қамтамасыз ету қажеттігін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік беретінін атап көрсеткен.

«Бүгінгі таңда egov.kz порталында бизнеске және халыққа ұсынылатын 746 мемлекеттік қызметтің 452-сі автоматтандырылған, онда 6,8 млн-нан астам пайдаланушы тіркелген, олар 190 млн-нан астам қызмет алған. 3,3 млн-нан астам қолданушы мобильдік қосымшаны қолданады, оларға 10 млн-нан астам қызмет көрсетілген», - деді министр.

Оның айтуынша, бұл әртүрлі сараптамалық топтардың және комиссиялардың жұмысын автоматтандырылған үдерістермен ауыстыруға, бұл олардың субъективті пікірлері негізінде шешім қабылдау тәжірибесін жоққа шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіру кезінде құжаттардың, толтыру алаңдарының және қарау мерзімінің 50%-тен астамы қысқарады.

Тимур Сүлейменов мысал ретінде «БЖК–2020 аясында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелер бойынша кепілдіктер беру — мемлекеттік қолдау құралын келтірді, мұнда қызмет көрсету мерзімі 15-тен 2 жұмыс күніне дейін, сұралатын құжаттар саны 8-ден 1-ге дейін және толтыру алаңдары 59-дан 5-ке дейін қысқартылады.

«Осылайша,біз барлық мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде операциялық қызметтерді, сонымен қатар мемлекеттік қолдау шараларын баламасыз негізде электронды форматқа шығаруды көздеп отырмыз», — деп мәлім етті министр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер