BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Биыл 187 қызмет электронды түрге ауыстырылады 

Digital by default аясында 2018 жылы 187 қызмет түрі тек қана электронды нысанда көрсетілуге ауыстырылады. Бұл жөнінде бүгінгі үкімет отырысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазіргі уақытта электронды үкімет порталы арқылы 235, ал электронды лицензиялау порталынан 399 автоматтандырылған қызмет түрлерін алу мүмкіндігі бар. 2017 жылы электронды үкімет порталы арқылы азаматтарға 34-ке жуық қызмет көрсетілген. Сонымен қатар, біз жасалған талдау нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі бірнеше проблемалық мәселелерді анықтадық. Біріншісі – қызметтерді қағаз нысанында көрсетудің сақталуы. Әлі де жыл сайын 50 млн астам қызмет қағаз түрінде көрсетіледі. Екіншісі – қажетті анықтамалардың көптігі. Мемлекеттік органдарға және жеке ұйымдарға жыл сайын 21,5 млн астам электронды анықтамалар ұсынылады. Келесі мәселе – бір қызметті алу үшін басқа қызметті алу қажеттілігі», - деді төраға.

Оспанов өз баяндамасында аталған проблемаларды шешу жолдарын да атап өтті. Оның айтуынша, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің төрағалығымен жұмыс жасап жатқан ведомствоаралық комиссияның көп септігі тиіп жатқанын айтты.

«Қыркүйек айынан бастап комиссияның отырысында 400-ден астам қызмет түрі қарастырылды. 346 қызмет түрі бірінші жартыжылдықтың аяғына дейін қарастырылатын болады. Осы комиссияда қолданылатын негізгі қағидаларға тоқталатын болсам, біріншісі – Digital by default, яғни қызметтерді тек қана электронды нысанда көрсету. 2018 жылы 187 қызмет түрі тек қана электронды нысанда көрсетілуге ауыстырылады. Мысал ретінде электронды форматқа ауыстырылатын қызметті келтіруге болады. Ол ішкі істер министрлігімен бірлесіп жасалған жоба – электронды тіркеу. Қазір бұл қызметтің көрсету уақыты 2 сағатты құрайды және агрегаттарды салыстыру үшін міндетті түрде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару қажет. Ал, шілде айынан бастап, ешқайда бармай-ақ, электронды үкімет порталында смарт-келісімшарт жасап, барлық тиісті төлемдерді төлеп, дайын құжаттарды барып алуға немесе «Қазпошта» арқылы үйіне алдыруға болады. Нәтижесінде, жыл сайынғы айналымнан 6,4 млн қағаз құжаттарын алып тастаймыз. Мемлекет пен азаматтар үшін жыл сайын 550 млн теңге үнемдейміз, - деді Оспанов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер