BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Азия мен Еуропа арасында цифрлық көпір болғымыз келеді – Абаев

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін 5 қарашада ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ұйымдастыруымен, «Зерде» Ұлттық инфокомуникация холдингі» АҚ және Astana Hub халықаралық технопаркінің қолдауымен «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумы басталды.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев форумның ашылуында сөз сөйледі.

«Форумға 2500 мыңнан астам қатысушы келіп отыр. Сондай-ақ, әлемнің алдыңғы қатарлы компаниялары мен ұйымдарының 200 жетекшісі, мыңдаған инвестор мен түрлі стартап жоба авторы бар. Осылайша алға қойған мақсатымыздың жүзеге асуына даңғыл жол ашылды. Өйткені жобаның басты идеясы – тың идеялардан қуат алып өзара тәжірибе алмасу, Азия мен Еуропа технологиялық орталықтарының арасында алтын көпір болу», - деп атап өтті министр форум ашылуында.

Абаев Қазақстанда жүзеге асырылып отырған инновациялық технологиялар туралы айтты.

«Елімізде өздеріңіз көріп отырғандай бүгін инновациялық жүйелер іске қосылуда. Ертең Президент халықаралық Астана технопаркін ашылуын мәлімдейді және бұл қазіргі замандағы Қазақстанның технологиялық дамуындағы жаңа күнге айналмақ. Біз Ұлы Жібек жолының мұрагерлері ретінде Азия мен Еуропа арасында цифрлық көпір болғымыз келеді. Қатысқандарыңыз үшін тағы да алғысымды айтамын. Табысты жұмыс пен қызықты талқылау тілеймін», - деп сөзін түйіндеді Дәурен Абаев.

Айта кетсек, форумға халықаралық ІТ-қоғамдастық өкілдері, технология саласындағы белгілі сарапшылар, кәсіпорын басшылары, технологиялық кәсіпкерлер мен өзге де елдердің мемлекеттік секторлары өкілдері, ғалымдар, кәсіпқой цифрлық әзірлеушілер, сонымен бірге венчурлық капиталистер мен инвесторлар қатысты.

Бүгін Digital Bridge алаңында 50-ден аса қазақстандық және халықаралық спикерлер сөз сөйледі, олардың ішінде: Startup Genome бас директоры Жан-Франсуа Готье; CEO Hyperloop Transportation Дирк Алборн; Стартап академиясының менторы және кеңесші, стартап тақырыбы бойынша сатылымға ең көп шыққан кітаптың авторы Боб Дорф; Галактика жеке меншік ғарыш компаниясының негізін қалаушы және иесі Алия Прокофьева; Priceline Group қоса негізін қалаушы Джефф Хоффман; венчурлық капиталдың халықаралық фирмасы Global Catalyst Partners төрағасы және тең мердігері Камран Элахиан бар.

Форум аясында «Цифрлық экономика дамуының жаһандық тренді жөнінде диалогы» атты пленарлық сессиясы өтеді. Сонымен біге цифрландыру саласындағы ең алғашқы Digital Bridge Awards жүлдесі табысталады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер