BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Атырауда оқушыларға арналған кезекті тегін IT-сынып ашылды 

Оқушылар орталығында «Нұр Отан» партиясының бастамасымен IT-сынып ашылды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық «Нұр Отан» партиясының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарованың айтуынша, балаларға арналған тегін ІТ-сыныптарын іске қосу үшін негізгі оқыту бағдарламасы ретінде британиялық «Love to code» бағдарламаласының халықаралық білім франшизасын пайдалануда. Әр сыныпта дәріс беретін мұғалімдер болады. Олар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің базасында ашылған «ІТ-мамандарын даярлау орталығында» арнайы дайындықтан өткен.

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен балалар үшін IT-сыныптың ашылуы елдің бас партиясының ерекше қамқорлығы деп білемін. Бұл заман талабына сай ашылған арнайы сыныпта 8 жастан 16 жасқа дейін балалар оқытылады. Қазір арнайы кесте жасақтадық. 6 топта 12 баладан оқытылады», - дейді оқушылар орталығының директоры Айзада Түсіпқалиева.

Айта кетейік, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған жоба аясында Атырау облысында биыл 10 ІТ-сынып ашылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер