BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Атырауда ПИК цифрландыру жүйесіне ауысты

Фото: 7kun.kz

Атырау қаласының тұрғындары http://atyrau.opencity.kz арнайы порталында «Жеке кабинетін» ашып, өз өтініштерін қалдырып, кооператив иелерінің жұмысын қадағалай алады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жоба ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде басталды, оның мақсаты ПИК қызметінің сапасын және ашықтығын арттыру болып табылады. Порталға 71 кооператив кіреді.

"Портал - ақпарат алмасудың бірыңғай платформасы. Атырау тұрғындары үйде отырып алдағы жұмыстардың жоспарларымен танысып, өз пікірін білдіруге мүмкіндік алады. ПИК өкілдері үшін де жұмыс жасау жеңілдейді. Мәселен, қандай да бір шешім қабылдау үшін кездесу ұйымдастырып, тұрғындарды жинап, жылыту уақытын және газды жөндеу жұмыстары туралы хабарлама таратудың қажеті жоқ. ПИК өкілдері қалай жұмыс жасайтыны, жиналған қаражаттың жұмсалу реті, қаржы есептері және т.б. толық ақпарат порталда бар", - деп түсіндірді http://atyrau.opencity.kz сайтын жүргізу инженері Аман Сұлтанов.

Айта кетейік, порталда қаланың интерактивті картасы және барлық қолжетімді ПИК, тұрғын үйлер туралы толық ақпарат берілген.

Бұдан басқа, тұрғын үй иелері кооперативтердің қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептерді ғана емес, сонымен қатар ПИК-нің қызметтері бойынша қарыздар туралы біле алады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер