BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Astana Hub технопаркінде шетелдік компаниялар да жұмыс істей алады – Сағынтаев

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Астанада өтіп жатқан «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумында Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің потенциалы туралы айтты.

«Біз елімізде бизнес үшін барлық жағдай жасап жатырмыз. Осы арқылы бизнес өзін цифрландыру мүмкіндігін пайдаланатын болады. Қазіргі кезеңде еңбек өнімділігін арттыру үшін үлкен іс-шараларды жүргізбекпіз. Ол тұтастай осы өндірісті жаңғырту болып отыр. Мемлекет тұрғысынан заңнамалық нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Astana Hub-та бизнеспен айналысу мүмкін болмақ. Бизнес үшін заңнамамызға тиісті өзгерістер енгіздік», - деп атап өтті ҚР Премьер-министрі халықаралық форумда.

Ол Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінде Қазақстанның резиденттері ғана емес, шетелдік компаниялар жұмыс істей алатындай мүмкіндіктер жасалғанын айтты.

«Виза бойынша жеңілдетілген іс-шаралар жасалды. Салықтық жеңілдіктер, тұрғын үймен қамтамасыз ету секілді іс-шаралардың бәрін қабылдадық. Біз осы арқылы сұранысқа ие тауарларды өзімізде өнідеретін боламыз. Еліміз бағдарлама элементтерін іске асыруға кірісуде. Келесі жылы цифрландыруға байланысты жеткен табыстарымыз жөнінде айтатын боламыз», - деді Сағынтаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер