BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Алдымызда IT таланттардың жаңа ұрпағын шығару міндеті тұр– Назарбаев

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевт Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің ресми салтанатты ашылуына қатысты.

«Қазіргі таңда елімізде «Назарбаев университеті», «IT паркі» секілді инновациялық кластерлер бар. ЭКСПО базасында келер жылдың 1 қыркүйегінен бастап жаңа IT университет ашылатын болады, - деді Назарбаев Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің ашылуында.

Президент Astana Hub-тың инновциялық экожүйе ядросына айналатынына сенім білдіріп, технопаркте жұмыс істейтін шетелдіктерге жеңілдетілген виза режимін қолдану, сондай-ақ салықтық, басқа да жеңілдіктер берілетінін айтты.

«Біздің алдымызда IT таланттардың жаңа ұрпағын шығару міндеті тұр. Ақылды, талантты, қабілетті балаларға қолдау көрсету қажет. Мектептегі бағдарламалау, спартакиада, олимпиада, роботты техника және киберспортты, ЖОО-да оқу бағдарламасын жаңартуды қолдаймыз. Бүгінде халықаралық нарыққа өз күшімен шыққан Алена Ткаченко, Арман Сүлейменов секілді жастарымыз бар. Мен олардың жетістіктері үшін қуаныштымын. Осы жерде стартаптармен айналысатын көзі жанып тұрған балаларды көрдім. Әлемге танымал есімдер секілді біз де осында талантты азаматтарды тәрбиелеп жатырмыз деген ойдамын. Олар табандылықтың арқасында өз идеяларын жүзеге асырып, табысқа жетіп отыр. Стартап идеяларды қаржылық қолдау өте маңызды. Бұл үшін біз жағдай жасап отырмыз. Үкімет пен қорлар талантты балаларға белсенді қолдау көрсетеді деп ойлаймын. Үлкен мемлекеттік компаниялар осы балаларды коммерциялауға келісімшарт жасауы қажет», - деді Назарбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер