BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Алдағы уақытта саусақ іздері арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға болады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов осы жылдың қараша айынан бастап, ХҚКО-да саусақ іздерін қалдыру арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға болатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жоба пилоттық негізде жүзеге асырылады.

«Қазіргі таңда біз техникалық құралдарды дайындап қойдық. Тиісті құжаттар қабылдағаннан кейін бір-екі айдың ішінде яғни қараша айында пилоттық жобаны іске қосамыз. Яғни азаматтар жеке фотосын тапсырып, (ХҚКО-дағы -автор) арнайы құрылға саусақ іздерін қалдыру арқылы электронды үкімет порталындағы мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік беріледі», - деді басшы.

Абылайхан Оспановтың айтуынша, жаңадан енгізілгелі отырған қызмет түрінде азаматтардың екі параметрі есепке алынады. Ол – саусақ іздері және азаматтың фотосы.

«Осыған дейін елімізде «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заң жобасы қабылданды. Ол бойынша азаматтар 2021 жылдан бастап, мемлекетке биометриялық ақпаратты ( саусақ іздерін – автор) міндетті түрде тапсыруы қажет. Алайда 2021 жылға дейін азамат өз еркімен биометриялық ақпаратын (саусақ іздерін – автор) бізге қалдырғысы келсе, жоғарыда аталған қызметті пайдалана алады. Сондай-ақ жұмыс барысында қиындықтар туындамаса, пилоттық жобаны 2019 жылдың қаңтар айынан кеңінен іске қосқалы отырмыз», - деді төраға.

Оның айтуынша, пилоттық жобаға мемлекеттен қаржы бөлінбейді. Ол мемлекеттік жеке меншік серіктестік негізінде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар Абылайхан Оспанов жаңа қызметті енгізу барысында Үндістан, Франция, Эстония, Қытай, Сингапур сынды мемлекеттердің тәжірибесі ескерілгенін атап өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер