BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Ақтөбе. 4 мыңдай туу куәлігі онлайн берілген

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысының тұрғындары мемлекеттік қызмет түрлерін электронды үкімет арқылы алуға дағдыланып келеді. Үйлері мен кеңселерінен шықпай-ақ мемлекеттік қызметті онлайн тәртіпте алатындар көбейген. Жыл басынан бері ақтөбеліктерге 1 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. E-gov арқылы алынған қызметтер саны 520 мыңнан көп.

Жаңа босанған аналар перзентханадан шықпай бірден нәрестесінің туу туралы куәлігін, мемлекет төлейтін бір жылғы жәрдемақысын рәсімдеп, балабақша кезегіне тұрғызып жатыр. «Үш қызметті бір өтінішпен алу» қызметін соңғы 9 айда 4 099 ана пайдаланған.

«Баланың туу туралы куәлігін, бір жасқа дейінгі жәрдемақысын рәсімдеу және балабақшаға тіркелуді онлайн тәртіпте алып жатқандар көп. Баланың туу туралы куәлігін перзентханадан шыққаннан кейін АХАЖ бөлімінен алып кете алады. Биыл 6 145 жас ана азаматтардың мобильдік базасына тіркелді. 4 099 азаматша мемлекеттік қызметті электрондық үкімет арқылы алды. 3 562-сіне баланың туу туралы куәлігін тапсырдық. 1 735 ана нәрестелерін бірден балабақша кезегіне тіркеп, 417-і жәрдемақыны рәсімдеді. Бұл – пилоттық жоба»,-деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ Ақтөбе облыстық филиалы баспасөз қызметінің жетекшісі Әсел Мұстафина.

Ақтөбеліктер арасында «Paper free» қызметін де пайдаланушылар саны артқан. Яғни, электронды цифрлық қолтаңбасы бар кез-келген азамат отбасы мүшелері үшін де қажетті анықтамаларды ала алады. Ал, қазір облыстағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезекке тұрушылар саны азайған.

«Мемлекеттік қызметті үкіметтік электронды портал арқылы алушылар саны артып, арнайы орталықтарда кезек күтушілер азайды. Былтырғымен салыстырғанда көрсетілген электронды қызмет 36,9 пайызға азайды. Қуантатын жағдай. Біздің филиал мамандарымен халыққа түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп отыр. Облыс орталығы, аудандар мен шалғай ауылдарда арнайы мобильді топ жұмыс жасайды. Азаматтарға электронды цифрлық қолтаңба ашып, сол жерде қалай жұмыс жасау керектігін бірден түсіндіреміз. Осының нәтижесінде халық арасында электронды қызмет алатындар азайды. Тіпті, елді-мекендердегі мектептерде арнайы бұрыш жабдықталған. Ғаламторға қосылған компьютерден ауыл тұрғындары аудан орталықтарына бармай-ақ электронды үкімет порталы арқылы қажетті қызметтерін ала алады. Халық арасында сандық сауаттылық артып келеді. Биыл электронды үкімет секторы арқылы 627 124 қызмет көрсетіліп, 678 803 кеңес берілді. 10 мыңнан астам ақтөбелік азаматтардың мобильдік базасына тіркелді. 9 300-ден астамына электронды цифрлық қолтаңба берілді»,-деді Әсел Мұстафина.

Көліктерді рәсімдеп, сату, сатып алу, жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметтері де онлайн тәртіпте жүргізіліп жатыр. Мұндай қызмет түрлерін 100-ден астам ақтөбелік пайдаланған. Ал, мүмкіндігі шектеулі жандардың мамандар үйлеріне барып, қызмет көрсетеді. 9 айда 1 772 жарымжан үкіметтің арнайы мобильдік тобының көмегіне жүгінген. Республикалық 1414 желісі арқылы түскен өтініштер өңірге жолданады.

«Мемлекеттік қызметтің 741 түрі бар. 600-ден астамы мемлекеттік корпорация, 447 электронды үкімет арқылы алынады. Электронды қызмет алу үшін әр азаматтың электронды сандық қолтаңбасы болуы шарт. Ол 1 жылға ғана жарамды. Мерзімі аяқталуға жақындағанда әр азамат өздігімен ұзарта алады. ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызметтің бізде 44 түрі ғана көрсетіледі. Бір реттік құпиясөз арқылы да 44 түрлі анықтама алуға мүмкіндік бар. Қазір ақтөбеліктер өте белсенді. Тағы бір жаңашылдық бар. 22 қазаннан бері азаматтар пәтерінде тіркеуде тұрған адамдар туралы ақпарат ала алады»,-деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ Ақтөбе облыстық филиалының баспасөз қызметінің жетекшісі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер