BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Әбдіқалықова: Мемлекеттік қызмет түрлерін электронды форматқа көшіру жемқорлықты азайтты

Фото: Baq.kz архиві

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова еліміздегі мемлекеттік қызмет түрлерін электронды форматқа көшіру тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деректерін азайтуға мүмкіндік бергенін мәлім етті.

Бүгін елордада Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамасының отырысы өтуде. Оған 20-дан астам елдің өкілдері қатысып жатыр.

Жиында Гүлшара Әбдіқалықова аталған ауқымды іс-шара Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын атап өтіп, еліміздің сыбайлас жемқорлықпен қалай күресіп жатқанына тоқталды.

«Қазақстанның баса мән беретін салаларының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Осы орайда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудегі басты міндет жүйелі іс-шаралар жүргізу қажеттігін айтты. Тәуелсіздік жылдары қабылданған заңдар демократиялық мемлекеттің моделін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ аталған модель қоғамның сыбайлас жемқорлықтан ада болуына жол ашты», - деді ол.

Оның айтуынша, 100 нақты қадам – Ұлт жоспары аясында 2019-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында жемқорлықпен күресудің жаңа моделі құрылады. Ол жемқорлықтың салдарымен емес, оның себептерімен күресуін негізге алады. Сондай-ақ аталған принципке сәйкес азаматтың қызметіне қарамастан ол өз жазасын алуы шарт.

Осы орайда Мемлекеттік хатшы аталған салада жүргізілген жүйелі жұмыстар нәтижесін беріп жатқанын атап өтті.

«Қазіргі таңда елімізде ауқымды әлеуметтік және экономикалық реформалар жүргізілуде. Шенеуніктермен кездесуді азайту үшін мемлекеттік қызмет түрлері электронды форматқа ауыстырылуда. Бүгінде мемлекеттік қызметтің 78%-і электронды түрде көрсетіледі. Бұл тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты 2/3 азайтты», - деді Әбдіқалықова.

Сондай-ақ ол алдағы жылдары елімізде мемлекеттік қызмет түрлерін 90%-ке электронды форматқа көшірілетінін айта келе, бизнес процестер де сандық форматқа көшірілгенін хабарлады.

«Қалған мемлекеттік қызмет көрсетудің 10%-ы бір терезе қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан мемлекеттік сатып алулар саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақыбырындағы бүгінгі отырыстың маңызы зор. Себебі мұнда сыбайлас жемқорлықтың қауіпі жоғары. Қазақстанда барлық мемлекеттік сатып алулар электронды форматқа көшірілді. Біз бизнес процестерді ашық және бақылауда болу үшін оларды толық автоматтандырдық. Бұл жүйе ТМД елдері ішінде үздік болып саналады», - деп түйіндеді сөзін Мемлекеттік хатшы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер