BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Абаев Қазақстан байланыстың бесінші толқынын енгізуге дайын екенін айтты

Қазақстан Халықаралық электр байланысы (ITU) одағымен бірлесіп байланыстың бесінші толқынын енгізуге, кең жолақты интернетті ұсыну үшін геостанционарлық емес спутникті кеңінен қолдануға дайын. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ОАР-дағы Халықаралық электр байланысы одағы дүниежүзілік форумында жасаған баяндамасында мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР АКМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 10-13 қыркүйек аралығында Оңтүстік Африка Республикасының Дурбан қаласында Халықаралық электр байланысы одағы дүниежүзілік форумы - ITU Telecom-2018 World өтіп жатыр. Бұл іс-шараға Қазақстанның атынан ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер