BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

1414 байланыс орталығында жасанды интеллект халыққа қызмет көрсетеді 

1414 бірыңғай байланыс орталығының жұмысына қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында жасанды интеллект енгізіледі. Бұл жөнінде бүгінгі үкімет отырысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету саласына жаңа технологияларды енгіземіз. Мысалы, корпорацияның ахуалдық орталығын және «Ұлттық ақпараттық-технологиялар» акционерлік қоғамының 1414 бірыңғай байланыс орталығының жұмысына қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында жасанды интеллект енгізіледі», - деді Оспанов.

Оның айтуынша, қызметтерді алуды жеңілдету үшін биометриялық деректер қолданылатын болады және адамның тұлғасын растау кезінде бет-келбеті мен саусақ бедері қолданылады.

«Сонымен қатар, Әділет министрлігімен бірлесіп, жылжымайтын мүлік саласының қауіпсіздігін арттыру мақсатында блокчейн технологиясын пайдаланатын боламыз. Алдағы 1,5 жылда бұл технология мүлік кепілдігін тіркеуге, ал 2020 жылдан бастап мүлікке құқықтарды тіркеуге енгіземіз», - деді корпорация төрағасы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер