BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

12 мыңнан астам қостанайлық электронды еңбек биржасы арқылы жұмыс іздеуде

Фото: Kapital.kz

Қостанай облысында Электронды еңбек биржасы арқасында жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасындағы байланыс нығайтылып, қолайлы жағдай жасалуда. Бұл жөнінде Қостанай облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының еңбек нарығы және әлеуметтік әпітестік мониторингі бөлімінің басшысы Данияр Ералин мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі NewTimes.kz порталына сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта Қостанай облысы бойынша Электронды еңбек биржасының сайтында 3 173 бос орынға 1 504 хабарландыру жарияланған. Порталда өз түйіндемелерін орналастырған жұмыс іздеушілер саны 12 306 адамды құрайды», - деді Ералин.

Оның берген ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері 22 553 адам жұмысқа орналасу бойынша көмек сұрай келген.

«Жұмыс іздеуші тұлға ретінде 19 982 адам тіркелсе, оның ішінде 18 625 адам жұмысқа орналастырылды. Электронды еңбек биржасы арқылы 2 147 адам жұмысқа орналастырылды», - деді басқарма бөлімінің басшысы.

Қазіргі уақытта ведомсмтво халық арасында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Маманның айтуынша, бұл электронды еңбек биржасына тіркелушілер мен жұмысқа орналасқандар санының артуына ықпал етеді.

Басқармада атап өткендей, тек Қостанай облысы емес, бүкіл Қазақстан бойынша бос орындарды көруге болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер