USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Мәскеуде ЕАЭО-ның ортақ электр энергиясы, көлік және аграрлық нарығының даму келешегі талқыланды

Фото: primeminister.kz

Мәскеуде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің (ЕЭК) отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Отырыстың күн тәртібі Еуразиялық экономикалық одақтың әрі қарай дамуына қатысты 48 мәселені құрады.

Отырыс барысында ЕАЭО-ның халықаралық қызметі, ортақ электр энергиясы нарығын қалыптастыру, көлік саясатын дамыту мәселелері қаралды.

Үндістанмен, Сингапурмен, Оңтүстік Кореямен және Мысырмен еркін сауда аймағын құруға әкелетін уақытша келісімге қол қою туралы келіссөздерді бастау туралы шешімдер мақұлданды.

ЕАЭО-ның ортақ электр энергиясы нарығын қалыптастыру бағдарламасы мақұлданды. Ортақ нарық электр энергиясы мен қуатпен еркін сауда үшін қолайлы жағдайлар жасап, кемсітілмейтін негізде серіктес елдердің инфрақұрылымына рұқсат алуға мүмкіндік береді.

Үйлестірілген көлік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары мен кезеңдері бекітілген. Аталған құжаттың қабылдануы ЕАЭО аясында көлік кеңістігінің бірыңғай нарығын және көлік қызметтерінің ортақ нарығын әрі қарай қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Аталған мәселелерді биыл 26 желтоқсанда, Мәскеуде Жоғарғы экономикалық кеңес отырысында мемлекет басшылары қарастыратын болады.

Отырыс барысында, сондай-ақ, техникалық реттеу саласында бірқатар шешімдер қабылданды. ЕАЭО аумағында айналымға шығарылатын минералды тыңайтқыштарға, сонымен қатар оларды сақтау, тасымалдау және таңбалау үдерістеріне қауіпсіздік талаптарын орнату мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың «Минералды тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы» техникалық регламенті қабылданды.

Карантиндік-фитосанитарлық бақылау мен қадағалауды реттеуге қатысты бірқатар шешімдер қабылданды: ЕАЭО-ның кедендік шекарасында карантиндік фитосанитарлық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру тәртібі туралы ереже, өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің Бірыңғай карантиндік фитосанитарлық талаптары, ережелері мен нормалары, ЕАЭО-ның карантиндік нысандарының бірыңғай тізімі бекітілді.

ЕАЭО аясындағы Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының айналымы туралы келісім мақұлданды. Аталған құжат тұқымдардың ортақ нарығын дамытуға, өзара саудадағы кедергілерді жоюға және ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының айналымына қатысты құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған.

Жалпы, ЕЭК Кеңесі отырысының қатысушылары Еуразиялық экономикалық одақтың әрі қарай дамуына бағытталған, өзара тиімді шешімдерге қол жеткізген көптеген мәселелерді талқылады.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады