USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Таразда Тәуелсіздік мерейтойына арналған мүшәйра өтті

Таразда жас ақындар арасында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік кепілі» атты жыр мүшәйрасы өтті, деп хабарлайды Baq.kz.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған іс-шараға Тараз мемлекеттік педагогика институтының 200 студенті қатысты.

Әдеби байқау екі кезең бойынша жүргізілді. Алғашқы кезеңде жүректерінен жыр тербеген жас ақындар Тәуелсіздік тақырыбына арнап шығарған өлеңдерін оқыса, екінші кезеңде қазақ ақындарының бірінің егемендікке арнаған өлеңін оқып сынға түсті.

«Мүшәйра тақырыбы тәуелсіздікті, Астананы жырға қосуға бағытталды. Ел тарихындағы жарқын сәттерді жырға арқау ету. Осы арқылы жастарды отансүйгіштік пен патриоттыққа тәрбиелеуіміз керек», – дейді шара ұйымдастырушылары.

Қазылар алқасының шешімімен Ақәділ Аспетов, Ғалия Раушанбек, Наргиз Назамбай, Ернұр Бейсенов, Өмірбек Еркебай және Нұрила Ысқақова сынды студенттердің өлеңдері үздік деп танылып, жүлдегер атанды.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады