USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Оңтүстік полюсте Қазақстан туы тігіледі

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Антарктиданың ең биік нүктесіне Қазақстанның туы тігіледі. Ғылыми зерттеу экспедициясы Тұңғыш Президент күні 1 желтоқсанда сапарға шығады.

Жас ғалымдар мен спортшылардан құралған экспедиция мұз құрсауында жатқан Антарктиданың 200 шақырымын шаңғымен жүріп өтуді жоспарлап отыр.

Ондағы мақсат – оңтүстік полюс экожүйесіндегі органикалық пестицидтер мен микроағзалардың алуан түрін анықтау. Сонымен қатар экспедиция мүшелері 16 желтоқсан күні оңтүстік полюстегі ең биік нүкте Винсон шыңына Қазақстан туын тігеді.

Мағжан Сағымбаев, «Тәуелсіздік полюсі» экспедициясының басшысы:

- Винсон шыңы альпинистердің «7 шың, екі полюс» атты арнайы бағдарламасына кіреді. Осы уақытқа дейін ешбір қазақстандық осы жоба бойынша жүріп өткен жоқ. Енді біздің географиялық қоғамның арқасында біз сол олқылықтың орнын толтырмақпыз. Экспедиция құрамына білікті мамандарды жинадық. Барлығы ойдағыдай болады деп сенемін.

Хабар 24.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады