USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Халықаралық конференция басталды

ҚР Парламенті Мәжілісі және ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күні, сондай-ақ, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Астанада «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл: Нәтижелер. Жетістіктер. Келешек көкжиегі» атты халықаралық конференция басталды, деп хабарлайды Baq.kz.

Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей, Түркия, Финляндияның және басқа да бірқатар елдің депутаттары, мүдделі министрлік өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатысады.

Маңызды жиында Парламент Мәжілісінің төрағасы Н.Нығматулин сөз сөйлейді деп күтілуде.

Конференция үш сессияны қамтиды. Шарада Қазақстандағы экономикалық және саяси реформалардың негізгі нәтижелерін, мемлекеттің әлемдік саясаттағы орнын, сондай-ақ, әлеуметтік және экономикалық салалардағы, ішкі және сыртқы саясаттағы ел дамуына әсер ете алатын ауқымды мәселелерді талқылау көзделген.

Конференция барысында Қауіпсіздік және даму мәселелерін зерттеу институты (ISDP, Стокгольм) мен Джонс Хопкинс университетінің Орталық Азия және Кавказ институты (CACI, Вашингтон) аға сарапшыларының «Қазақстан 2041: Келесі 25 жылға арналған сценарийлер» (Kazakhstan 2041: Scenarios for the Next 25 Years) тақырыбында бірлескен баяндама ұсынуы жоспарланған.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады