USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Көкшетауда «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы өтті

Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» сарайында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы өтті, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Шараға бокстан спорт шебері Зарина Цолоева, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының мүшелері, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер мен зиялы қауым өкілдері, жастар ұйымдарының жетекшілері мен студенттер қатысты.

Салтанатты кездесуде Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінің 1-курс студенті Егор Тихонов сөз сөйлеп, Ақмола облысы жастарының атынан Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған үндеуді оқып берді.

Акция барысында «Мәңгілік ел жастарының жетістіктері – Қазақстан Респуликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» кітабы салтанатты түрде Астана жастарына тапсырылды. Кітапта Тәуелсіздік жылдары жастардың қол жеткізген жетістіктері, өңірлерде оларға жасалған қамқорлықтар, сонымен қатар, «Мәңгілік Ел» Патриоттық идеясының біріктіруші рөлін және өңірлердегі жастардың ел Президенті – Ұлт көшбасшысына қолдауын көрсететін үндеулері жазылған.

«Үндеуде республика жастары Елбасы басшылығымен қол жеткізілген жетістіктер, оның шешуші факторы – бейбітшілік пен келісім болғанын жазып, Президенттің бастамаларын қашан да қолдауға дайын екендіктерін білдіреді. Кітап елдің әр өңірінде болды. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында елордамыз Астана қаласында салтанатты түрде Мемлекет басшысына тапсырылатын болады», – деді эстафетаны қабылдаған Астанадағы «Ахыска» түрік мәдени орталығының төрағасы Әскер Пириев.

Мерекелік шара «Көкшетау» мәдениет сарайының жас таланттарының концертік бағдарламасына ұласты.

Ақмарал АЙҒАРА

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады