USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Клара Садырбаева: Қазақстан халқын Өзбекстандағы 2 млн қазақтың атынан құттықтаймыз!

Қазақ Елі Тәуелсіздігіне 25 жыл толған ұлық мерекені өзге елдерде өмір сүріп жатқан қандастарымыз да қызу мерекелеп, ақжарма тілектерін білдіруде деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Өзбекстанның Науаи облысында тұратын өне қайраткері, қандасымыз Клара Садырбаева Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, видео-сәлем жолдады.

«Елдің бәрі жақсы, өз елің одан да жақсы» демекші, Қазақстан Республикасының баға жетпес байлығы болған Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен шын жүрегіммен құттықтаймын!

Қазақстанда жасап жатқан халықтарға тыныштық, амандық тілеймін!

Қазақстанда өтіп жататын шараларға шетелдегі қазақтарды шақырып, қатыстырып жатқаны үшін ризамыз!», дейді ол.

Видео: Руслан Қанабекова

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер1
Полатбек Жанбаев
Клара бауырымызға мың алғыс. Біз де сол Тамдыдан едік. Қазір атажұртта ел намысын қорғап жүрген жайымыз бар. Өзбек - өз ағамыз. Онда 2 млн қазақ тұратын болса, жақсы екен. Бұрын 1 млн еді.

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады