USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Қазақстан туы Винсон шыңында желбірейтін болады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында «Қазақ географиялық қоғамы» ҚБ төралқасының төрағасы Төлеген Тастанбеков Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан туы Оңтүстік полюстегі Винсон шыңында желбірейтінін жеткізді, дейді BAQ.kz тілшісі.

«Қазақ географиялық қоғамы» ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап Оңтүстік полюске екінші қазақстандық экспедицияны ұйымдастырады. Желтоқсанның басында өтетін бұл экспедициясының құрамына жас ғалымдар мен спортшылар кіріп отыр», - деді ол.

Ал Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік полюсі» ғылыми-зерттеу экспедициясының топ жетекшісі Мағжан Сағымбаев экспедицияның қашан басталатындығын айтып берді.

«Басталуы 1 желтоқсанда - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні өтеді. Ал 16 желтоқсанда, яғни, еліміздің Тәуелсіздік күнінде Антарктиданың ең жоғары нүктесі Винсон шыңына Қазақстанның мемлекеттік туы тігіледі», - деді Сағымбаев.

Оның атап өтуінше, Винсон шыңы Оңтүстік полюстен 1200 шақырым жерде орналасқан және «7 summits» бағдарламасына кіреді. Экспедиция қатысушылары Оңтүстік полюске дейін 200 шақырым жерді шаңғымен жүріп өтетін болады. Айта кетерлігі, экспедиция құрамына альпинистер Ілияс Ғалымбеков пен Юрий Юшин, ғалымдар Әлия Ерназарова, Арман Баймұхамбедов және Дәулет Шәріпов кіріп отыр. Ғалымдар Оңтүстік полюсте экология, биология және адам физиологиясы салаларында зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады