USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Халықаралық гроссмейстер бір уақытта 25 оқушымен шахмат ойнады

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай «Нұрорда» халықаралық мектебінде Тәуелсіздіктің жарық жұлдызы, халықаралық деңгейдегі шахмат ойынының шебері, жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы, Қазақстанның бес дүркін чемпионы, «Халықаралық гроссмейстер» атағына ие болған Дәрмен Сәдуақасов мырзамен кездесу өткізілді, деп хабарлайды Baq.kz.

Кездесуде гроссмейстер мектептің ең үздік 25 оқушысымен бір уақытта шахмат ойнап, блиц-турнир және мастер-класс өткізді. Ойынның қорытындысы бойынша Дәрмен Сәдуақасов ең жақсы ойнаған оқушыларға арнайы автографы қойылған шахмат тақтайларын сыйлады. Сонымен қатар оқушылар сертификаттармен марапатталды.

«Мен де бала кезімде кәсіби спортшылармен шахмат ойнауды армандайтынмын. Сондықтан осы шара оқушыларға ұнайды деп ойлаймын. Меніңше, мұндай жарыстар балалардың шахмат ойынына деген қызғушылығын арттырады», - дейді халықаралық дейңгейдегі шахмат ойынының шебері Дәрмен Сәдуақасов.

Ұқсас сілтемелер:
05 Желтоқсан 2016, 09:05
СҚО-да шаңғы марафоны өтті
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады