USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Елордада «Тәуелсіздік пен жасампаздық жылдары» атты дөңгелек үстел өтті

Фото: Ұларбек Дәлейұлы

Бүгін ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік пен жасампаздық жылдары» атты дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Тәуелсіздік күні – елдің ең маңызды ұлттық мерекесі, халықтың ғасырлар бойы аңсаған арманының жүзеге асқанына, республиканың қол жеткізген табыстарына мақтанып, қуанатын күні. Бұл азаттық пен бейбітшілік мейрамы. Өз елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі біріктіретін және біртұтас Қазақстан халқын құрайтын барлық қазақстандықтар үшін маңызды оқиға», дейді шараны ұйымдастырушлылар.

Атаулы шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, ғалымдар, зерттеушілер және елордадағы оқу орындарының қоғамдық пәндер оқытушылары қатысты.

Тәуелсіздік – біздің басты құндылығымыз және бұл туралы «Тарих толқынында» атты кітабында Нұрсұлтан Назарбаев: «Тарих көп нәрсе беруі мүмкін, ал, тәуелсіздік, ішкі бостандықтың үлгісі ретінде, оны сыйға тарту мүмкін емес. Тәуелсіздік – адамдардың өмір сүруінің нысаны болып табылады» деп атап көрсеткен болатын.

Осы жылдар ішінде Қазақстан егемендік пен тәуелсіздіктің сенімді қорғанысын қамтамасыз ететін мемлекеттілік пен демократияның институттарын құрды. Еліміз халықаралық қауымдастықтағы биік беделі мен абыройының арқасында әлемдік өлшемдер жүйесінде лайықты орнына ие болды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті нығайтудағы тарихи рөлін, қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңғыруы, тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік құрылыстың негізгі қорытындылары мен келешегі, халықаралық аренадағы ғаламдық жетістіктердің өзекті мәселелерін талқылауды мақсат еткен бұл шара жоғары деңгейде өтті.

Ұларбек Дәлейұлы

Қазақстан бүгінде Мемлекет басшысы ұсынған Бес институционалдық реформа Ұлт жоспарының жүзеге асыру стратегиясында айқындалған мемлекеттік құрылыстың сапалы жаңа дәуіріне өтті. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы Ұлт жоспарының негізгі бағытына айналды.

Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның табыстары тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып лайықты саналатын Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың алғашқы күндерден бастап жүргізген, дұрыс әрі нақты айқындалған конституциялық саясатқа сай мүмкін болды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев есімі егеменді Қазақстанның табыстарымен байланысты азамат ретінде, бүкіл өмірі өз халқына, өз Отанына қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылатын әлемдік ауқымдағы көрнекті саясаткер ретінде тарихқа кіреді.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады