USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Елордада «Менің елім - Мәңгілік Ел» акциясы өтті

ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Менің елім - Мәңгілік Ел» жастар акциясының қорытынды шарасы өтті. Ол еліміздің барлық аймақтарындағы жастардың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесі мен жеткен жетістіктерін паш етуге бағытталған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Акция шеңберінде жастардың тілектері жазылған «Мәңгілік Ел» жастарының жетістіктері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» - «Достижения молодежи «Мәңгілік Ел» к 25-летию Независимости Республики Казахстан» кітабы табыс етілді. Сондай-ақ, онда «Мәңгілік ел» патриоттық идеясы бар тәуелсіздік жетістіктері туралы баяндалған.

«Мәңгілік Ел» - біздің ортақ дәстүріміз, және бұл Қазақстан халқының тарихи тағдыры», -деп мәлім етті өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов.

Барлық облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында өткізілген жалпыреспубликалық акцияның шараларына 25 мыңнан аса адам қатысты. Акцияның өзі республика бойынша жарты миллионға жуық жастың басын біріктірді. Аталған акция 4 қараша күні Талдықорғанда «Менің елім - Мәңгілік Ел» форумында бастау алған болатын.

Ұқсас сілтемелер:
03 Желтоқсан 2016, 22:23
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 25 ЖЫЛ...
02 Желтоқсан 2016, 10:26
Кешір Анашым.
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады