BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Азия Параойындары-2018: Дегтярев пауэрлифтингтен күміс жүлде алды

Фото: ҰПК баспасөз қызметі

Осыдан бірер сағат бұрын Джакартадағы Азия Параойындарда Қазақстан құрамасының қоржынына күміс жүлде түсті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Ақмолалық спортшы Давид Дегтярев пауэрлифтингтен 54 кг дейінгі салмақта күміс жүлдеге қол жеткізді", - деп хабарлады Ұлттық Паралимпиада комитетінің баспасөз хатшысы Рүстем Райымбек.

Кеше ІІІ Азия Параойындардың алғашқы күні аяқталды. Бірінші күн Қазақстан құрамасы үшін сәтті басталды. Ел қоржынына әйелдер арасында 45 кг-нан жоғары салмақ дәрежесі бойынша Алина Солодухина пауэрлифтингтен 66 кг көрсеткішпен қола медаль сыйлады. Алина үшін бұл – ең бірінші Азия ойындары және бірінші қатысқаннан-ақ медаль алды.

Күндіз воллейболды отырып ойнаудан сайысқа түскен спортшыларымыз Ирак құрамасын жеңді, есеп – 3:2 (22:25; 25:23; 20:25; 25:22; 15:8). Сонымен қатар Бауыржан Тахауов жаттықтыратын құрама өз тобында Мъянма мен Индонезия спортшыларына қарсы ойнайды.

Кешке пара жүзуден ел қоржынына қола жүлдені 100 м қашықтықта баттерфляй әдісі бойынша Дмитрий Ли әкелді.

Естеріңізге сала кетейік, 6-13 қазан аралығында Индонезияның Джакарта қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында III Азиялық Параойындары өтетіндігін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер