BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең сұлу аруы атағына үміткер

Қазақстандық шахмат спортының хас шебері Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең сұлу аруы атағына үміткерлер қатарында.

Халықаралық шахмат федерациясының ресми сайты қаңтардың басында Еуразияның ең сұлу ару атағына байқау жариялады. Қарт құрлықтың ең сұлу аруы дауыс беру арқылы анықталады.

Аталған байқауға біздің бұрымдымыздан бөлек, Сарвиноз Курбонбоев (Өзбекстан), Мутриба Хатоми (Тәжікстан) сынды арулар қатысып жатыр.

Айта кетейік, 17 жастағы Жансая Әбдімәлік халықаралық дәрежедегі гроссмейстер. Қазіргі уақытта ол Халықаралық шахмат федерациясы тізген рейтингте қыз-келіншектер арасында 43 орында келеді.

Жансая қызымызға мына сілтеме арқылы кіріп дауыс бере аласыздар.

Vesti.kz.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер