USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Жақсыбеков пен Нығматулин ҚФФ Атқарушы комитетінің құрамынан шығып қалды

Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының XIV кезектен тыс сайлау конференциясы өтіп, жаңа президент тағайындалды. Сондай-ақ Атқарушы комитеттің жаңа құрама бекітілді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бұған дейін комитетке 25 адам мүше болған еді. Бұл жолы 13 адам енді. Олар – Байшақов Сейілдә Икрамұлы, Мещеряков Николай Ильич , Әубәкіров Қаныш Қайдарұлы, Абраев Олжас Шәкенұлы, Айтқожин Азамат Серікұлы, Гарибян Рафаэль Эдуардович ,Түсіпбеков Әміржан Нұрышұлы, Қалетаев Дархан Аманұлы, Қанағатов Елсияр Баймұхамедұлы, Әбдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы, Оразбеков Қайрат Айтмолдаұлы,Әміреқұлов Бақберген Әуезханұлы, Утробин Игорь Владимирович.

Ал бұрынғы құрамда болған Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Самат Әбішев, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басшысы Асқар Жұмағалиев, мультимиллионер Арманжан Байтасов, «Қайрат» футбол клубы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев, «Ордабасы» командасының бас бапкері Бақтияр Байсейітов жаңа құрамға енбей қалды.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады