BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Василий Левит пен Бақтияр Артаев студент болды

Василий Левит пен Бақтияр Артаев Қарағанды экономикалық университетінің магистратурасында оқитын болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды экономикалық университетінің магистратурасында Олимпиада ойындарының иегері Василий Левит «кедендік қызмет» мамандығын бойынша оқыса, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын таңдаған.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, спортшылар мемлекеттік оқу гранттарын алып, тегін оқитын болады. Магистрлік курс екі жылға созылмақ.

«Мен Серік Сәпиевтің ізін қудым. Ол осы университетте оқиды. Бірінші алған жоғарғы білімім - заңгер, екіншісінде кедендік қызметті таңдадым. Келешекте өмірімді осы мамандықпен байланыстыруым әбден мүмкін», - деді Василий Левит.

Бұған дейін Василий Левит Қарағанды экономикалық университетінде қонақ ретінде болып, студенттермен кездесіп, шеберлік-сағаттарын өткізген.

Айта кетейік, сондай-ақ аталған ЖОО-ға биылғы жылы ұлттық құрама мүшелері мен спорт шеберлері де түскен. Олардың қатарында мини-футбол бойынша Қазақстанның үш дүркін чемпионы Владислав Черномордов, қазақ күресі бойынша еліміздің жастар құрамасының мүшесі Сержан Бейсенбаев және биатлон бойынша юниорлар арасында еліміздің екі дүркін чемпионы, Олимпиада құрамасына үміткер ең жас спортшы Виктория Катаева бар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер