BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Ұлттық Паралимпиада комитеті жапониялық әріптестерімен ынтымақтастық орнатпақ

Фото: ҰПК баспасөз қызметі

Джакартада ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің атқарушы директоры Ерлан Сүлейменов Азия Паралимпиада комитетінің және Жапония Паралимпиада комитетінің вице-президенті Масаюки Мизуномен, сонымен қатар Жапония Паралимпиада комитетінің кеңесшісі, Азия Паралимпиада комитетінің мүшесі Манабу Асомен кездесті, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі ҰПК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Жапония Паралимпиада комитеті мен Қазақстан Республикасының ҰПК арасындағы екіжақты даму мәселелері, сонымен қатар Азиядағы ұлттық паралимпиада комитеттерінің ынтымақтастығын кеңейту талқыланды.

ҚР ҰПК атқарушы директоры Ерлан Сүлейменов елдегі паралимпиадалық қозғалыстың дамуы және спортшыларды халықаралық деңгейге шығару үшін жан-жақты атқарылып жатқан жоспарлар жөнінде айтты.

Осы орайда, Ерлан Сүлейменов Қазақстандағы Паралимпиадалық жаттығу кешенінің бірегейлегін және тек паралимпиадашы спортшылар үшін ғана емес, мүмкіндігі шектеулі барша жанға арналғанын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар Өзара ынтымақтастық меморандумын жасау туралы ауызша келісті. Егер бұл құжат ресми түрде қабылданса, онда шартты-құқықтық базаны құруға үлкен қадам болып, екіжақты ынтымақтастың дамуына жаңа серпін береді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер