BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Юлия Галышева күмісті қанағат тұтты

Фото: Скриншот

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылғы олимпиаданың қола жүлдегері қазақстандық могулшы Юлия Галышева Финляндияның Рукасында фристайлдан өткен Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль алды.

Vesti.kz порталының хабарлауына қарағанда, Галышеваның активінде - 81,48 балл.

Бірінші орын 82,26 балмен олимпиада чемпионы франциялық Перрин Лаффонға бұйырды, ал қоланы америкалық Тесс Джонсон еншіледі- 75,85. Соңғының алдында, 31-нші болып қазақстандық Аяулым Әмренова келді - 17,52.

Қазақстандық ерлер арасында могулдан үздік көрсеткішті Дмитрий Рейхерд көрсетті - 76,76 балл. Этапта 20-ншы болып Павел Колмаков келді - 75,49, 55 қатысушы ішінде 50-нші болып Александр Геберт жетті - 45,36.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер