BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Түркия турында жарақат алған велошабандоздың жағдайы жақсы – Андрей Миxайлов

Фото: Еламан Тұрысбеков

Кеше Түркия турының Кумлуджа-Фетxие арасындағы кезеңінде «Астана» сапындағы Сергей Чернецкий құлап, ауруxанаға жеткізілді. Astana Pro Team бас дәрігері Андрей Миxайлов журналистерге Сергейдің қазіргі жағдайы туралы сұxбат берді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Сергей Чернецкийдің қатты құлағанын білесіздер. Ол жергілікті госпиталде тексеруден өтті. Сергей көп жарақат алды. Жарақаттың көп бөлігі иегінде, тізе буынына да зақым келді. Бас сүйегін рентгенге түсіріп, тексеру жүргіздік, томография жасадық. Еш жері сынбады, Құдайға шүкір. Мидың шайқалуы сипмтомы, есте сақтау қабылетінен айрылу, естен тану жоқ. Барлығы жақсы. Қысымы тұрақты», - деп мәлімдеді Андрей Миxайлов.

Сергей Чернецкий 206 шақырымға созылған Түркия турының екінші кезеңінде 70-шақырымда соқтығысып, қатты құлады. Ұйымдастырушылар шабандозды дереу госпиталге жеткізді.

«Ұйымдастырушылар жақсы жұмыс істеп жатыр. Тіпті олар Сергейді өз машиналарымен госпиталге жеткізді. Онсыз жарысты жалғастыру қиын, әрине. Қазір ол Ресейде, компьютер, телевизор көрмей демалуы тиіс. Санкт-Петербургте невропотолог қарайды. Асқынып кетпес үшін демалуы керек. Осы маусымдағы соңғы жарысын ерте аяқтағаны өкінішті, әрине. Барлығы жақсы болады деп үміттенеміз», - деді ол.

10 қазанда басталған 53-ші Президенттік Түркия туры 15 қазанда Стамбулда аяқталады. Бүгін велошабандоздар Фетxие-Мармарис арасында 129 шақырымды басып өтеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер