BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Турин, Милан және Кортина-д’Ампеццо 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер

Турин, Милан және Кортина-д’Ампеццо қалалары 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ресейдің Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Италияның Ұлттық олимпиада комитеті (ҰОК) қысқы Олимпиада ойындары – 2026 өткізуге үміткер үш қаланы атады. Олар Турин, Милан және Кортина-д’Ампеццо. Аталған қалалардың ішінен береуі Италияның ҰОК отырысында 1 тамызда немесе 10 қыркүйекте таңдалады», -делінген ведомсвтоның хабарламада.

Айта кетейік, Турин мен Кортина-д’Ампеццо қалаларының қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге тәжірибесі бар.

«Fiat есептегенде ірі автомобиль концерндері орналасқан қалада 2006 жылы Олимпиада ойындары өткен. Ал, Кортина-д’Ампеццо 1956 жылы олимпиада астана болды», - деп түсіндірілген хабарламада.

Сонымен қатар хабарланғандай, Олимпиада ойындары өткізілген үшінші италиялық қала – Рим, онда жарыстар 1960 жылы өтті.

«Қысқы Олимпиада-2026 елордасы 2019 жылдың қыркүйегінде белгілі болады», - деп түйінделген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуірде Халықаралық Олимпиада комитеті 2026 жылы қысқы Олимпиада және Паралимпидалық ойындарды өткізуге мүдделі екенін ресми түрде растаған 7 ұлттық олимпиада комитеттерінің тізімін жариялады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер