Төрт дүркін Олимпиада чемпионы болғым келді – Ильин спорттан қашан кететінін айтты - Спорт|11 Маусым 2018, 13:52
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Төрт дүркін Олимпиада чемпионы болғым келді – Ильин спорттан қашан кететінін айтты

Фото: ашық дереккөзден

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында спорттық карьерасына қашан нүкте қоятынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«2 жыл жарыстан шеттеліген соң Қазақстан құрамасымен бірге жаттыға алмадым. Жарыстан шеттетілген спортшыға мемлекет көмектесе алмайды, қаржыландырмайды. Осындай ереже бар. Федерация президенті Жанат Түсіпбеков маған «Мен федерация президентімін, сен маған атлет ретінде керексің, сені жеке өзім қолдаймын. Саған басқа жолмен көмектесе аламын. Жаттығуың керек, ағылшын оқыдың, енді спортпен айналыс» - деді. Мен ұзақ ойланбадым. Таңдау болған жоқ. Қолдау көрсеткен соң оны қабылдадым. Қазір күш жинауым керек, дайындалу үшін қандай да бір нәрселерді түсінуім керек. Қазақстан чемпионатында жеңіске жетуім қажет. Одан әрі қарай не медаль, не жеңіліс болады. Мен үшін қазір Қазақстан чемпионаты маңызды», - деді ол журналистер сауалына.

Сондай-ақ ауыр атлет үлкен спорттан қашан кететінін мәлімдеді.

«Олимпиадаға жас балаларды апару... Спорттағы заң кім жеңсе сол барады: жас спортшы жеңсе сол барады, мен жеңсем мен барамын. Ешкім мені еркіме жіберген жоқ. Кәсібилігім, 22 жылдық шеберлігім бар. Қазір атлет қана емес өз-өзіме менеджер ретінде жұмыс істеймін. Спорттан кейін не істеймін дегенге де өз бағытым бар. Штанга көтерген ұнайды. Соңғы рет жұлқа көтеруді орындауым керек. Бұрыннан Токио Олимпиадасынан кейін карьерамды аяқтаймын деген ой болды. Пекин олимпиадасынан кейін ойластырған миссияммен жүремін. Лондонға мықты дайындалдым. Сол кезде миымда төрт Олимпиадаға қатысамын деген көрініс болды. Үш дүркін, содан соң төрт дүркін чемпион боламын, содан соң аяқтаймын дедім. Өмірде осындай орамдармен жүру керек екен. Көп нәрсені үйреніп, өз миссияңды аяқтауың керек. Әрі қарай спорт менеджері, бизнес тренер ретінде жұмыс істей беремін», - деді Илья Ильин.

Сондай-ақ, Илья Ильин екі жылдық жарыстан шеттету мерзімі аяқталған соң өзінің үлкен спортқа оралғанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, ауыр атлет қай салмақ дәрежесінде жарыстарға қатысатынын және алдағы жоспарларымен бөлісті.

Еске сала кетсек, 2008 және 2012 Олимпиада ойындарының допинг-сынамалары қайта тексерілгеннен кейін Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, сонымен қатар Майя Манеза мен Светлана Подобедова алтын медальдарынан айырылып, екі жылға жарыстардан шеттетілген болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер