BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

«Шахтер» еурокубокқа қатысып жатқан отандық командаларды қолдады

«Шахтер» футбол клубы мен Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы Астана қаласының 20 жылдығы мен отандық командалардың еурокубок маусымын бастау құрметіне арналған арнайы спорттық іс-шара өткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұқаралық шара Қарағанды қаласының «Шахтер» стадионында өтті. 2,5 шақырымға созылған президенттік жүгіруге «Шахтер» клубының атқарушы директоры Әлібек Оразғалиев, директордың орынбасары Нұрғазы Жарылғапов, спорт директоры Мұрат Тілешев, бас бапкердің міндетін атқарушы Андрей Финонченко, қақпашылардың жаттықтырушысы Валерий Ситало, «Шахтер-Болат», «Шахтер-М», «Шахтер-ҚарГУ» командаларының ойыншылары, «Шахтер» футбол орталығының жаттықтырушылары мен тәрбиеленушілері, Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының төрешілері қатысты.

«Қазақстан футбол федерациясы бастаған акцияны Қарағанды өңірі қолдап отыр. Дәл осындай шаралар ел футболының жанашырларының басын біріктіреді. Отандық клубтар еурокубок маусымын сәтті бастады. «Астана», «Қайрат», «Тобыл» командалары жеңіске жетіп, «Ертіс» тең ойнады. Осы жүрістен жаңылмай, жеңіс жолын жалғастырады деп сенеміз. Халықаралық аренада ел намысын қорғайтын командаларға баршамыз қолдау көрсетуіміз керек. Сол себепті осы шараны әрі қарай жалғастыру үшін Сыр өңірінен «Қайсар» футбол клубының ұжымын шақырамын! Ұлт денсаулығы – ел байлығы! Алға, Қазақстан! Алға, футбол», - деді «Шахтер» клубының атқарушы директоры Әлібек Оразғалиев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер