BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

«Самұрық-Қазына» еліміз аумағында 41 спорт алаңын ашты

Астана, BAQ.KZ. «Самұрық-Қазына» қоры жаңа қайырымдылық саясаты аясында еліміздің 10 өңірінде балаларға арналған 41 әмбебап спорт алаңын ашты. Қор қайырымдылық көмек көрсетуді қайта қарастырып, қаражаттың басым бөлігін қоғамның тұрақты дамуына бөлді.

2016 және 2017 жылдары қор әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мақсатында балаларға арналған 44 алаң орнатты. Әмбебап кешендер Ақмола, Павлодар, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында ашылды.

Балаларға арналған спорт кешенінде футбол алаңы, жаттығу аймағы және балалар алаңқайы бар. Ойын алаңдары жасанды шөптермен, ал жаттығу және балаларға арналған аумақтар қауіпсіз материалмен қапталған. Әрбір алаңда инклюзия элементтері бар. Онда мүмкіндігі шектеулі балаларға ыңғайлы болу үшін барлық жағдай жасалған. Балаларға арналған әмбебеап спорт кешендері облыстық әкімдіктерге тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың ақпан айынан бастап жаңа қайырымдылық саясаты аясында қор спорт федерациялары мен «Астана» ПКСК-ын қаржыландыруды Мәдениет және спорт министрлігінің құзырына тапсырды. Адам әлеуетін дамытуға, сондай-ақ, әлеуметтік және медицина секторларына арналған бағдарламаларды жүзеге асыруға баса назар аудару туралы шешім қабылданды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер