«Ролан Гарростан» кейін Дияс пен Путинцева WTA рейтингінде жоғарылады - Спорт|11 Маусым 2018, 10:46
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

«Ролан Гарростан» кейін Дияс пен Путинцева WTA рейтингінде жоғарылады

Фото: интернеттен

Дүниежүзілік әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) спортшылардың әлемдік рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

Рейтингтің жаңа тізімі «Ролан Гаррос» турнирінің қорытындысынан кейін жасалды.

Үздік үштік теннисшілердің орны өзгермеді: румыниялық Симона Халеп көш бастап тұр. Дания спортшысы Каролин Возняцки екінші, ал испаниялық теннисші Гарбинье Мугуруса үшінші орында қалды.

Қазақстандық спортшылар позицияларын біршама жақсартты. Зарина Дияс 51-орыннан 45-ке, сондай-ақ Юлия Путинцева 42 саты жоғарылап, 98-ден 56-ға жетті.

Айта кетсек, Францияның ашық чемпионатында Юлия Путинцева ширек финалға дейін жетіп, онда америкалық теннисші Мэдисон Кизден 6:7, 4:6 есебімен ұтылды. Бұл нәтиже Путинцеваның 2016 жылдағы осы сайыстағы жетістігін «қайталады».

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер