BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 342.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 400.85 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.51
Астана:

Рио Олимпиадасына қатысқан қазақстандық атлет 4 жылға жарыстан шеттетілді

Ұлттық допингке қарсы орталықтың ресми сайтында тыйым салынған заттарды қолданған спортшылардың жаңартылған тізімі жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жаңартылған тізімде орташа қашықтыққа жүгіруге маманданған қазақстандық жеңіл атлет Юлия Рахманова бар. 26 жастағы спортшы тапсырған допинг сынамасынан тыйым салнған метастерон табылуына байланысты 4 жылға дисквалификацияланды (2018 жылдың 15 маусымынан – 2022 жылдың 14 маусымына дейін).

Отандық спортшы қыз 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында 100 метрге жүгіруден эстафетада Қазақстан намысын қорғаған болатын.

Бұдан бөлек, жарыстан шеттетілген қазақстандық спортшылар тізіміне Ержан Уахитов (спорттық балық аулау), Дмитрий Зуев, Николай Самусев, Аян Тажанов, Қазбек Сағындыков, Жәнібек Қанатбаев, Намик Нефталиев, Фарух Гусейнов, Вадим Лопарев (муайтай), Тошали Аликулов (жеңіл атлетика) бар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер